Наурыз келді! – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Наурыз келді!» атты Темірхан Медетбек жазған мерекеге арналған өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Наурыз келді!
Қара жер семіріп,
Бөгіп жатыр.
Төрт түлік малым
Даламның
Көлдей етегін толтырып,
Төлдерін төгіп жатыр.
Өрісім у-шу болып,
Көңілімді қозғап тұр.

Қошақандарым
Сыбызғыдай ән салып,
Құлыншақтарым
Күміс қоңыраудай жар салып,
Ботақандарым
Иір мойынды қобыздай
Боздап тұр.


Пікірлер (1)

Нур

Наурыз туралы тақпақ, өлеңдер керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Наурыз келді! өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Наурыз келді! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Наурыз келді! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мерекеге арналған өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Наурыз келді! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері