Бұл бетте «Асығады барлығы, асығады» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Асығады барлығы, асығады,
Тіршіліктің арналы тасып әні.
Көзін ашқан ертемен ару күнім,
Көкжиекке еркелеп, асылады.
Соны көріп, хақың жоқ қозғалмауға,
Өмір бәйге ұсынар озғандарға.
Аттандаған дәуірдің поездары,
Асығады вокзалдан вокзалдарға!..
Бірде шалқып, баяулап басылады,
Дүниенің осынау ғашық әні.
Айналып көк аспанды қанаттылар
Қара жерге қонуға асығады.
Соны көріп, хақың жоқ аялдауға,
Ой салғандай осы өмір ояу жанға.
Машиналар зулаған көшелермен,
Жарысқандай болады жаяулар да…
Ашық әлем қабағын шалмаса мұң,
Жүрек атты өшірмей таңға шамын.
Достық дәнін ексе елім, ал жауыздар
Көбейтуге асығар бомба санын.
Тіршіліктің арналы тасып әні,
Өзендерім теңізге асығады.
Тамыр бойлап жүгірген ыстық қандай,
Асығады, барлығы асығады!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі