Сәл нәрседен әсер ап, елең еттім
- 0
- 0
Сәл нәрседен әсер ап, елең еттім,
Өміріме алғандай бөлек екпін.
Қараңғыда жақындап жарығыңа,
Қанаттарын күйдірген көбелекпін.
Бұл бетте «Ауысып шуағы мен ашуы әлі» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сәл нәрседен әсер ап, елең еттім,
Өміріме алғандай бөлек екпін.
Қараңғыда жақындап жарығыңа,
Қанаттарын күйдірген көбелекпін.
Аңсайды құс көңілім әлде нені,
Бір сәтке тастап қашып, жан, денені.
Елегізем, бос қиял, үмітпенен,
Кеш батса, күліп тағы таң келеді.
Қабағыңды қарама, түйіп маған,
(Бір көргеннен біреуді сүйіп қалам)
Махаббатсыз жамылған мұз көрпені,
Мұхиттаймын мәңгілік ұйықтаған.
Сәулең жатыр, тарап күн, тарап айдан,
Сені көрсем, сезім мас, сана майдан,
Жонып-қашап тұлғамды мүсіндеші,
Қарсы біткен бұтағы қарағайдан.
Көздеріңнен ұшқын түсті, өртендім,
Оңашада ес жия алмай дерт емдім.
Қос қанатым болса, ұшып жетер ем,
Болжай алмай не боларын ертеңнің.
Жыр қаламым, жазараңды жазып қал,
Сезім деген солқылдаған нәзік тал.
Сапар шексем, көз жазбайын адаспай,
Арман атты сенімді алтын қазықтан.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі