Бейбітшілік – мен жұтатын таза ауа – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Бейбітшілік – мен жұтатын таза ауа» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 816
Бейбітшілік – мен жұтатын таза ауа,
Бейбітшілік – жас сәби мен әз ана.
Кім жылатса осыларды, сен соны –
Ей, уақыт, жазала!..
Бейбітшілік – үлбіреген аппақ гүл,
Аяламай, кетпек оны таптап кім.
Жылайтындай кейбір шақта бұлттанып,
Өлгендерді жоқтап күн.
Бейбітшілік – әнім менің табынар,
Әні бардың атар алау таңы бар.
Айтсам ашық мынау жердің бетінде –
Ол бар болса бәрі бар!
Бейбітшілік – бұлақ күлкім, көңілім,
Туған жердің тіліп аққан өңірін.
Бір сабақта тұрған жырлап, үзілмей
Жапырақтай өмірім…
Бейбітшілік – мен сүйетін бұл күнгі ән,
Көкірегімде толқындайын бұлқынған.
Бейбітшілік деген сөзбен Отаным –
Егіз ұлдай бір туған!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері