Қарқаралы

Бұл бетте «Қарқаралы» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 860
Қарағайлы қара орман Қарқаралым,
Бәрі қызық, бәрі арман – шартарабың.
Қия шыңын шыққанда
Кешірмесін,
Тайып кетсе егер де сәл табаным.
Өмір сүру өзіңде мұрат маған,
Сенің мәңгі төсіңнен тұрақ табам.
Құлпырасың қыста да ақ тотыдай,
Көрген емен кезіңді гүл атпаған.
Сенен ғана табады ел бірлікті,
Татып тәтті жемісін жердің құтты.
Аяқтағы тап-таза
Құйған астай,
Адал сақтап келесің мөлдірлікті.
Қызың құтты қашаннан,
Ұлың мықты!
Табиғаттың өзі де тіліңді ұқты.
Адамзаттың ақ пейіл тілегіндей,
Адал сақтап келесің сұлулықты.
Қарқаралы!
Қарқара тауым менің,
Сені ойласам тынбайды дауыл көңілім.
Сағынышымды сейілте алмаспын мен
Сәске түсте
Сәуледей сәуірдегі...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарқаралы өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Қарқаралы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарқаралы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарқаралы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері