Маңғыстау желін сағынғанда

Бұл бетте «Маңғыстау желін сағынғанда» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 709
Қараса көз талатын
сар даланың белдерi-ай.
Сол белдерден соғатын
Маңғыстауымның желдерi-ай!
Кете алмастан құлшынып
кейде бұғып қаламын, –
сен өзiңсiз
тұншығып,
тымырсық боп барамын.
Кетсең егер жұлқылап
шоқ боп тұтап жанушы ем.
Өзiңменен бұрқырап
жағаласып алушы ем.
Кетушi едiң
белеңнiң
жайдақ құмын ысырып:
бұтағынан өлеңнiң
бос сөздердi ұшырып.
Отын үрлеп әлемнiң
жандыратын, жанатын –
бұтағында өлеңнiң
қайсар сөздер қалатын.
Қайрақ қылып жағымды
от шығарып жанушы ең.
Ұйтқып соғып
жанымды
сiлкiлеп бiр алушы ең.
Тау-тасқа ұрып басымды,
қалса жанда кек тұнып, –
сорғалаған жасымды
берушi едiң кептiрiп.
Бөлек едiм, ерекше ем
сен бұрқырап соққанда...
Қалушы едiң демеп сен
құлап бара жатқанда.
Кете алмастан құлшынып,
бұғып қазiр қаламын.
Сен өзiңсiз
тұншығып
тымырсық боп барамын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маңғыстау желін сағынғанда өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Маңғыстау желін сағынғанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маңғыстау желін сағынғанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маңғыстау желін сағынғанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері