Қожанасырдың есегі – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қожанасырдың есегі» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 735
Қожанасыр о баста-ақ
Құйтырқы айласы көп
Есептi бiлген.
Бiлген де
Ат пен түйенi емес,
Есектi мiнген.
Мiнем десе,
Мiнетiн көлiк көп қой.
Бiрақ та
Есектей малғұн,
Есектей топас,
Есектей арам
Жануар жоқ қой.
Қожанасыр –
Қара тастай қансыз,
Кепкен ағаштай жансыз
Надандықты мазақтап
Күлiп жүрген.
Сондықтан да
Сипағанды бiлмейтiн,
Жетегiне жүрмейтiн,
Айдауына көнбейтiн –
Дүниенiң өзiндей миғұла
Есектi – әдейi! –
Мiнiп жүрген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қожанасырдың есегі өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қожанасырдың есегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қожанасырдың есегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қожанасырдың есегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері