Қап-қара түн

Бұл бетте «Қап-қара түн» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 763
Қап-қара түн.
Жатыр едiм –
Кенеттен
гуiлдеген жел басылып желөкпе,
тереземдi тырс-тырс ұрып алды да,
нөсер жаңбыр құйып кеттi шелектеп.
Құйып кеттi,
үнi неткен ересен.
тыңдап ал сен,
көшiрiп ал немесе...
Жырын басып жатқан-сынды көктемнiң
машинкадай сыртылдап тұр терезем.
Елiктiрiп ормандар мен тастарды,
басып жатыр тарауларын дастанның –
тереземдi тесiп өтiп кетер ме,
домаланған әрiптерi аспанның?!
Тыңдап көршi.
Дей алмассың: жабықтым.
Дей алмассың: жетер ендi жалықтым.
Құдiреттей күркiрейдi бар аспан
неткен iрi,
неткен ұлы шабыт бұл!
Аспан асты,
жердiң үстi –
алабым,
күмбiр-күмбiр сазға толып барады.
Жатқан-сынды темекiсiн тұтатып
қайта-қайта найзағайын жағады.
Тыңдап тұрмын.
Үнi неткен ересен.
Саздан басқа түк жоқ онда деме сен.
Жырын басып жатыр ұлы Көктемнiң
машинкадай сыртылдаған терезем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қап-қара түн өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қап-қара түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қап-қара түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қап-қара түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері