Сағыныш саздары

Бұл бетте «Сағыныш саздары» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 9900
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Жұпар исі аңқыған,
Туған жерді сағындым.
Ән мен жыры шалқыған,
Думанды елді сағындым.
Жұлдыздары самсаған,
Түнгі аспанды сағындым.
Сәл көрмесе аңсаған,
Құрдастарды сағындым.
Жетелеген мың арман,
Бала кезді сағындым.
Тал шыбықтай бұралған,
Қара көзді сағындым.
Аққу ұшып, қаз қонған,
Көлдерімді сағындым.
Тайға мініп мәз болған
Белдерімді сағындым.
Жазиралы, гүл бақты
Даламды кең сағындым.
Аяулы да қымбатты
Анамды мен сағындым.
Селт еткізген сезімді
Аруларды сағындым.
Бәрінен де өзімді
Сағынғанды сағындым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағыныш саздары өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сағыныш саздары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағыныш саздары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағыныш саздары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері