Жасыл жапырақтар

Бұл бетте «Жасыл жапырақтар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3850
А
Алматының аймағы
Алмасымен жайнады.
Ә
Әңгелекті жедің бе?
Әйбат екен дедің бе?
Б
Бүлдірген-ау, бүлдірген,
Бетті бояп, күлдірген.
Г
Гүл – өңірдің ажары,
Гүл – көңілдің базары.
Д
Долананы танып ал,
Долананың дәмі бал.
Е
Ебелек-ау, ебелек,
Елпілдейсің неге көп?
Ж
Жақсы көрем жүзімді,
Жүзім бақта түзілді.
З
Зығырда көп пайда бар –
Зығыр майға айналар.
И
Итқонақ ол тары емес,
Итқонаққа мал әуес.
Қ
Қызылшаны егеміз,
Қантын жақсы көреміз.
К
Күшті дақыл күріш қой,
Күріш деген ырыс қой.
Л
Лимон шәйға дәм берер,
Лимон бойға әл берер.
Н
Нарттай піскен нәк пе еді?
Нәк не деген тәтті еді?
Ө
Өрік, өрік, өріксің,
Өрік, бауға көріксің.
П
Пияз асқа сән берер,
Пияз асқа дәм берер.
Р
Раушан гүл таптың ба?
Қыз төсіне тақтың ба?
С
Сен білесің сәбізді,
Сәбіз мұрын тәрізді.
Т
Тұтта құрттар өреді,
Тұт жеп, жібек береді.
Ф
Фасоль мұртты, қияқты,
Фасоль бұршақ сияқты.
Ш
Шие, шие, шие ме?
Шие ерінге тие ме?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасыл жапырақтар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жасыл жапырақтар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасыл жапырақтар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасыл жапырақтар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері