Тордағы аю

Бұл бетте «Тордағы аю» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1348
Қорбаңбай
Торға түсті – сор қандай!
Ажалменен алыстан қылжаңдасаң қылжаңда,
Қорқынышты ол қасыңа кеп тұрғанда.
Еш өлгісі келмей, Аю толғанды-ай.
Төбелестен қашпас еді тап қазір,
Өзі торға шырмалып,
Жан-жағынан ұр да жық
Сойыл, мылтық және иттер қаптап жүр.
Қалмаған соң нар күші,
Енді Аюдың келді ақылмен алғысы.
Деді аңшыға: «Достым, қандай күнәмен
Айыптымын мына мен?
Неге менің басымды сен алмақсың?
Ел өсегін тыңдай ма әлде құлағың?
Басқашамын, қарар болсаң аңдап шын,
Иланбасаң, көршілерден сұрағын,
Маған ғана барлық аңның ішінде
Ешкім кінә тақпайды,
Өлі адамға тимейді деп мақтайды».
«Рас, – деді аңшы қатқыл пішінде, –
Марқұмдарға керегі де сол еді;
Кезіккендер оңды ма?
Сенен аман құтылғаны болды ма?
Өліні жеп орнына,
Тірілерге тимегенің жөн еді».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тордағы аю өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тордағы аю өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тордағы аю өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тордағы аю өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері