Колхоз түні – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Колхоз түні» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1574
Жел де тынған, бір жым-жырт
Кен даланы ой басып.
Жер шеңберін жапты ымырт,
Теңіз көкпен жалғасып.
Кербез аспан шаттанды,
Бетін жұлдыз жасырып.
Көр деп мені мақтанды,
Көзге оттай басылып.
Егінді жер, әсем қыр
Түн сырымен жалғасты.
Көкте жұлдыз, жерде гүл
Бір-бірімен арбасты.
...Күзет. Қырман басында
Ән шырқады Балтабай.
Өзі сүйген жасында
Күзеткені көп бидай.
Құрдасым деп назданар
Ұйқыдағы бір жақтан,
Барқыт көрпе жаз қарар,
Жел сыбырлап қыр жақтан.
Күзетпенен күні өткен
Түнмен көптен бұл сырлас,
Өз өмірін күзеткен
Жүрегіндей бір тынбас.
Қырман басы тас қамал,
Кірпік қақпас Балтабай,
Ұшпас сабан жалғыз тал
Қыбырламас бір бидай.
Күлімдейді сиқырлы
Жеті жұлдыз жар таңдап.
Ыстық дүние бір түрлі
Кетсе зырлап ой шарлап...
Жайнар аспан бір мезгіл
Күлім қағып туар ай.
Туар айды төгіп жүр
Қарсы алады Балтабай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Колхоз түні өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Колхоз түні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Колхоз түні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Колхоз түні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері