Итке де қалай ғана: "Үрме!" — дейсің – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Итке де қалай ғана: "Үрме!" — дейсің» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 798
Итке де қалай ғана: "Үрме!" — дейсің,
жабасың кімнің аузын, бүрмелейсің,
көмейін тығындар ең,
"мығымдар" ең,
түгің жоқ тілден басқа, тұл кедейсің!
Түңілу,
торығу ма,
жүгініс пе,
жарамай тілің түгіл,
ділің іске,
айта алмай атынды да,
"датыңды" да
қалың ой қалып жатыр бұғып іште!
Дерсің-ау: "Ел көзіне толымды ер ек,"
жатқан да кім бар бірақ оныңды елеп.
Ет-жақын ағайынның өзіне де
бұл күнде жолың емес, қолың керек!
Атар ма деп те бір таң арайлы әппақ,
жүргенің тәтті үмітке қарайлап қап,
жоймақсың көбік ауыз көпті қалай,
қоймақсың ел аузына қалай қақпақ?
Қайда да қадіріңді білер ерсің,
"Қой!" — деп те
кімге барып тіленерсің,
қайтесің "сөйлегіштер" сөйлеп қалсын,
иттер де
үрем десе —
үре берсін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Итке де қалай ғана: "Үрме!" — дейсің өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Итке де қалай ғана: "Үрме!" — дейсің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Итке де қалай ғана: "Үрме!" — дейсің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Итке де қалай ғана: "Үрме!" — дейсің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері