Кірпігіңді күзетем – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Кірпігіңді күзетем» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жүрек түннен ішеді мұң, таусады,
Қабырғам жоқ...
Қабырғам да қаусады.
Пианино кірпігіңде ойнайды,
Мөлдір мұңның моншақ-моншақ саусағы.
Есімің бар... жүрегімде тыртығым,
Сәулесі бар көздерімде шырпының.
Жанарыңдай жарық таңға тап болдым,
Түрілгенде қара түндей кірпігің.
Күн тілгілеп, бұлт кеудесі қанады,
Күнге жайған ақ көйлегі жанады.
Жауған сайын жанарыңның аспаны,
Қолшатырдай кірпігіңнен тамады...
Жауын асты, қуайыншы, қашсаңшы,
Құшағыңды бұлт көгіне ашсаңшы!
Жаңбыр бізге мұң сыйлайды ылғи да...
Біз де оған сыйлайықшы қос тамшы...
Қара аспаннан төгіледі мұң әні,
Оқып жатыр ғазалымды түн әлі.
Жанарымыз жолықпаса жолдарда,
Оған сенің кірпіктерің кінәлі.
Дұрыс, жаным! Жасамайық күнәні,
Екеумізге өкпелі ғой күн әлі.
Күз тұрақтап қалса біздің жүрекке,
Оған менің сағынышым кінәлі.
Самал есіп, өлең оқып міңгірлеп,
Түн жатады жұлдыз ұрлап бір-бірлеп.
Күй ойнайды, мөлдір мұңның саусағы
Кірпігіңді шерткен сайын күмбірлеп.

Қайыңдардан өзің жайлы хат алар,
Жүрек қалай ұясында жата алар?
Жанарыңнан төгіледі өлеңдер,
Кірпігіңнен төгіледі ноталар...
Мұң жүзеді көңіліңде шомылып,
Кетем қара терезеңе шам іліп.
Ұйықтай қойшы, бәрінен де шаршадың...
Жанарыңа кірпігіңді жамылып.
Терезеңде қалғып қалған күз екен...
Терезеңе жүз қараумен жүз өтем.
Жастығыңа тамбас үшін мөлдір мұң...
Мен ұйықтамай кірпігіңді күзетем...
(Әр түні...)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кірпігіңді күзетем өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Кірпігіңді күзетем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кірпігіңді күзетем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кірпігіңді күзетем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері