Тау
Бұл бетте «Тау» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.
-
admin
- 22.04.2024
- 0
- 0
- 1068
Таудан бұлттар көшеді
Салқын самал еседі.
Қолым созып биікке,
Тауға қарап өсемін.
Орман мен көл тау іші,
Бұлақ ағар жарысып.
Түрлі-түсті гүлдермен
Қайтам кейде танысып.
Тау шыңында мәңгі қар –
Аппақ тәждей тағынған.
Таудың іші – қазына,
Іздегенің табылар.
Құстар ұшқан бағында,
Жолаушы жүр дамылдап.
Тауға келген әр адам,
Көрген сайын сағынбақ.
Тау – даламның қорғаны,
Атам жүрген жолдарын.
Сол жолменен жететін,
Таудай биік арманым.
Кезіп жүрер әр аңы,
Аюы бар, маралы.
Атам менің айтпақшы:
«Таудай бала» боламын.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі