Не шығар?

Бұл бетте «Не шығар?» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 585
Бүлініп біржолата ел дегенің,
не болар енді келіп жөндегенің,—
асығып азаматы айдалаға,
басынып бара жатса пенделерің.
Отырса ата-анасын алдап ұлы,
кісілік қасиеттің бар ма құны,
Қарамай шеніне де, шекпеніне
шын сеніп сыйласарлық қалмады ірі.
Ардың да, ақылдың да құны кетіп,
қасыңнан қадірсізі күліп өтіп,
шіркінге шен тигенде, шелтигенде
ағасы қарай алмас ініге тік.
Бірінің көкейіне мұң дарымай,
қырсығып, құдай атып тұрғанын-ай,
шен десе өліп-өшер, көңіл өсер,
қайтсін-ау, болсам демей құл да құдай!
Ұрының жасырулы мылтығындай,
кім кімнің қолтығына жүр тығылмай.
Бәрінің арты қуыс, амал қанша,
қайтсін-ау, қысылмай да қымтырылмай!
Бұл күнде — зерделі ме, зейінді ме,—
тарылтып қойды құдай пейілді де,
Амалсыз ұрғылайсың маңдайыңды,
берем деп қандай үлгі кейінгіге!
Түңіліп дәл осындай пенделерден,
бүлініп бара жатыр ел дегенмен,
Бәрін де көре тұра - бердік ерік,
не шығар енді келіп жөндегеннен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не шығар? өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Не шығар? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не шығар? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не шығар? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері