Кім аңсар – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Кім аңсар» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 625
Өттің бе, түн?
Өттің, түн,—
қамықтырып,
қайғыртып,
көрмесін деп көп қыртың,
үркер көктен тайды үркіп.
Түңілмесе, жарады,
берекесі жоқ елден,—
Ай да батып барады,
аузы-басы кеберген.
Тірі жанның бәрінен
безінем деп ежелден,
Айырылып әрінен
аспаның да безерген.
Жанның бәрі ұйқыда,
әннің бәрі шырқалған,
Қарасаңшы сиқыңа,
не күтесің бұл таңнан?
Көрінбейді көркем бел,
өтті-кетті құмар шақ.
Келе қояр ертеңдер
жүр деп едің кім аңсап.
Тағы бір таң атырдым,
тағы да бір өттің, түн.
Ұйқылы-ояу жатырмын,
ештемеге жоқ құлқым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім аңсар өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Кім аңсар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кім аңсар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кім аңсар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері