Ежелгі өртім де сен – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Ежелгі өртім де сен» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 682
Ежелгі өртім де сен,
дертім де сен,
Дариға-ай,
болмады бір желпінбесем.
Барады-ау жалықтырып жабы тірлік,
Сілкіне,
Саған еріп,
Серпілмесем.
Қаратпай ермесіме,
Көнбесіме,
Шықшы бір
Жел боп ұйтқып,
сен кесіле,
Кеудемде сыңсып ағып сағынышты ән
Сала ма сазы бөлек елді есіме?!
Апыр-ау,
аңсаппын-ау,
асқақ үнді
Ақдидар айқайы мол аспаныңды,
Ерсі екен – өзің барда –
Қара тұтып
Келгенім басқа қызық, басқа мұңды...
Түлеп те жатқан шақта әзір далам,
Құймас па көкірегіме сазын ғалам?
Тықыршып тұр екен-ау тұлпар көңіл.
Бауыры көптен бері жазылмаған.
Дариға-ай,
бойда қуат, барда күшім,
Сен маған аққанатты арман ұсын!
Тағы да шарқ ұрайын,
Сарқылайын.
Тәтті үміт, тамашалы таңдар үшін.
Соңғылар сөкпеу үшін мені кейін,
Тағы да желпінейін, желігейін.
Елім деп, –
Өртке де еніп,
Серт те беріп,
Осынау өз еңсеммен көрінейін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ежелгі өртім де сен өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Ежелгі өртім де сен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ежелгі өртім де сен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ежелгі өртім де сен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері