Басынба – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Басынба» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 835
Тасуын-ай,
Басынуы-ай мынаның, —
Жақпай қойды жұртым ғашық жыр — әнім,
Өзімді әлді, сөзім дәмді демейтін
Кердеңінен керең болды құлағым!
Мен де елімнің екі тумас ер ұлы ем,
Неге саған құбыжықтай көрінем?
Нақұрыстау "нәнің" де емес едім ғой,
Көрі жуық, кәрің де емес, төрінен.
Төңірегің толып алған құл мен күң,
Құл мен күңге күңкіл-күңкіп тіл бердің.
"Көзіңді ашып қарасаңшы, қалқам-ау, —
дегім келіп тұрады ылғи:
— Бұл — менмін!"
Мені де сол құлдың бірі еткің кеп,
Жауыр аттай жайдақ міне кеткің кеп,
Нығыздала,
тығыз ғана сызданып,
Артық-ауыр сөз айтасың екпіндеп.
Кеңістікті қимағандай, кеңсемді,
Езгің келіп ерге біткен еңсемді.
Қатар жұмсап өрің менен зәріңді,
Жүргеніңді қайдан білсін ел сорлы.
Әңгір таяқ үйірердей төбемнен,
Бөле жара түйілердей көп елден
Құлағымда ойнайтындай құрбақа,
Құдыққа да құлай қойған жоқ ем мен!
Дос та бола қоймаспын мен, қасың да,
Тісің кетер — тістенбей жүр асылға.
Ұры бұғар, ұлық ұғар тілім бар,
Тас жармаса — бас жарады...
Басынба! 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Басынба өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Басынба өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Басынба өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Басынба өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері