Таза жерге тамса да кіндік қаның – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Таза жерге тамса да кіндік қаның» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 833
Таза жерге тамса да кіндік қаның,
қарағым-ай, қайтейін, тілді ұқпадың!
Балалықпен, не керек, білмедің-ау,
сұлулық бар тірлікте — сұмдық барын.
Кеше ғана көңілім өрлеп еді,
қараттың да кеттің-ау жерге мені,
Бара жатты жүрегім шошып, өліп,
осы болып ендігі көрмегені!
Түсінбедің тірлікте ездік барын,
тез беріліп кісіге, тез құптадың,
"Жатыр,— деуші ем,— жау деген жар астында",—
қайтейін-ай, қарағым, сөзді ұқпадың.
Балапаным, басымды салған мұңға,
өзге түгіл, өзің де таң қалдың ба,—
өмір деген бермейді күнде бетін,
аңғардың ба?—
Бәрі де жалған мұнда.
Бұлдайтынын, жастығың, жамалың ба,
бұзылып тұр заңың да, заманың да,
Кімдер ғана тірлікте жасымапты,
тасы қатты тиеді адал ұлға.
Қарағым-ай, қайтейін, тілді алмадың,
өзіңді ме?
Өзгені?—
Кімді алдадың?
Балалықпен аңғармай қалдың ба әлде,
сұлулық бар тірлікте —
сұмдар барын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таза жерге тамса да кіндік қаның өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Таза жерге тамса да кіндік қаның өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таза жерге тамса да кіндік қаның өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таза жерге тамса да кіндік қаның өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері