Өзгермеді ештеңе, өзгермеді – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Өзгермеді ештеңе, өзгермеді» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 888
Өзгермеді ештеңе, өзгермеді,
ауыздыға арсыздар сөз бермеді.
Ыңыршағы көрінген атты айдаумен,
қақпайлаумен келеді ездер мені.
Күш көрсетіп біріңе,
біріңе айбар,
жол беретін түрі жоқ сұмырайлар.
Тез жерінем десең сен,
осылардың
өздерінен аумайтын ұрыға айнал.
Су жұқтырмас керемет дарыны бар,
аттан түсе қоймайды әлі бұлар,
Сүйеу болу үшін де бір-біріңе,
тірлігіңе солардың тәлімін ал.
Алпыс екі тамырлы айласы бар,
үйренгенің өзіңе пайда шығар,
ақталады жастайғы азабың да,
ар-ұятың қашпайды! Қайда асығар.
Құрық бойлап көрмеген қулығы бар
ішің күйсе — түз жала, булығып ал,
Ұнамайық,
ұнайық, амал қанша,
заманыңа лайық туды бұлар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзгермеді ештеңе, өзгермеді өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Өзгермеді ештеңе, өзгермеді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзгермеді ештеңе, өзгермеді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзгермеді ештеңе, өзгермеді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері