Бозала таңның буымен

Бұл бетте «Бозала таңның буымен» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 536
Бозала таңның буымен
Бусанып ұшты бозторғай.
Жылқылар жусап түнімен,
Ұйқыға көңіл, көз қанбай.
Бір шуақ ыршып үнінен,
Не деген күйші жезтаңдай.
Сармаса буған шіркіндер,
Шалғынның шөбін тауыса алмай,
Шалқақтап ішпей тұнықтан,
Тұнық су салқын кәусардай,
Жылқы мен торғай дауысы,
Қосылса бұлақ ағысы,
Қозғалар сонда ырғалып
Айнадай көлдің қамысы.
Бозторғай ұшар пыр етіп,
Жылқылар жүнін түлетіп,
Төбеде жүрген лашынның
Құлқынын қояр тілетіп.
Бір дүлей буып даланы,
Тарқамай қалар бір құмар,
Бір шәйпау жел жеткенде...
Бетеге басын шалады
Бағана жүрген жылқылар
Бозторғай ұшып кеткенде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бозала таңның буымен өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Бозала таңның буымен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бозала таңның буымен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бозала таңның буымен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері