Дауыл туралы – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Дауыл туралы» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 812
Сағым күлді,
Сағым сынды
Көлгірлікке мазақ боп.
Тағы алдандым,
Қараң қалды
Үміт біткен. Азап көп.
Дауыл тұрды,
Қағындырды.
Тамырсызды кетті айдап.
Жұпар жауын жауып тұрды,
Өсер жаңа көк жайнап...
Үміт оты қалған сөніп,
Қайта жақты алауын,
Тәуелсіздік көтеріп тұр
Еркіндіктің жалауын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері