Өлең, жыр, ақындар

Өкпеліміз кеш оралған көктемге

  • admin
  • 22.04.2024
  • 0
  • 1
  • 602
Екеуміз де қол созамыз көктерге,
Мұңаямыз құстар ұшып өткенде.
Екеуміз де толған айға ғашықпыз,
Өкпеліміз кеш оралған көктемге.
Леп ізімен жүзіп барад әр қайық,
Жетер енді, жылы жаққа самғайық.
Екеуміз де күз келгенде жалғызбыз,
Сағынамыз жапырақтай сарғайып.
Жапырақтай сезімдерді тона күз!
Күзден ұштық енді қайда қонамыз?
Екеуміз де ұнатамыз балмұздақ ,
Балмұздақтай жүректерден тоңамыз.
Көктем қазір...
Кеуделерде тірі күз,
Менің аппақ әлеміме кіріңіз.
Екеуміз де өле сүйген ғашықпыз,
Қинайтұғын бірімізді біріміз.
Таң келеді, етегін түн жия алмай,
Біздің ғажап сағынышты қия алмай.
Тәкаппармыз, танып тұрып танымай,
Сүйіп тұрып, жек көреміз ұялмай.
Мың жыл уақыт сарғайған хат бұл күзден,
Жапырақ қыз құсқа еріп жүр бізбен.
Екеуміз де мұңдасамыз қайыңмен,
Сырласамыз сыбыр-сыбыр жұлдызбен.
Шақырады қарындасын жел, енді,
Қашқақтамай құшағыма кел, енді.
Түнгі лептен естиікші әуенді,
Жапырақтан оқиықшы өлеңді.

Бетінде Ай, Аспан деген меңді қыз,
Сол аруға сыр айтамыз енді біз.
Балконыңнан қол бұлғайсың тағы да,
Кел дейсің бе?
Қош дейсің бе?
Белгісіз...
Екеуміз де қол созамыз көктерге,
Мұңаямыз құстар ұшып өткенде.
Екеуміз де толған Айға ғашықпыз,
Өкпеліміз кеш оралған көктемге.



Пікірлер (1)

Данияр ибраев

Ботама шығарған өлеңім!

Көзің сенің айдың нұры жаралған,
Күміс күлкі күннен сәуле таралған.
Ешқашанда күлкі кетпес жүзіңнен,
Сонда жатыр қылықтыда бал арман.

Күлсең егер есің шығып күлесің,
Мұңайсаң егер іштей тынып бүгесің.
Сен ешқашан сөнбеші тек жұлдызым,
Өзім кепіл жүз жыл өмір сүресің.

Сәл қуансам қуанасың күлімдеп,
Сәл мұңайсам жұбатасың күнім деп.
Қйындықта жабырқайтын менімен,
Сүйіп өтем сені мәңгі гүлім деп!

Пікір қалдырыңыз

Адамзатпен сырласу

  • 0
  • 0

Мынау тұрған жиырма бір замансың ба?
Бауырсың, жақсысың ба, жамансың ба?
Ел мен ел, жер мен жер боп бөлінетін,
Адам ата ұрпақтары амансың ба?

Толық

Түнгі ой...

  • 0
  • 0

Жүректердің тас екенін сезініп,
Қара кеште қалдым тағы езіліп.
Ағынына қарсы жүзіп заманның,
Кетіп барам...

Толық

Апама ұқсайсың

  • 0
  • 0

Ойыңнан сенің қайғырам,
Жырыңды оқып түңілем.
Аппақ жаныңды парақтап,
Кітап жүзіңе үңілем.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер