Ғаламшар – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Ғаламшар» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мынау аспан, анау күн,
Кеңдігін-ай даланың.
Айналама сүйсініп,
Көзім тоймай қарадым.

Бұлттар көшер бауырлап,
Жұлдыз жанар жымыңдап,
Ғаламшардың қимылын,
Бақылаймын тұра қап.

Қызығамын бәріне,
Табиғаттың сәніне.
Бұл ғаламды ғажайып
Тани түсем әлі мен.

Әне, бақбақ, міне, гүл,
Күн жымиса күлетін.
Қарай-қарай жан-жаққа,
Өзімді де білемін.

Ұйқасатын өлеңдей,
Сүйем осы әлемді.
Құшағыңды, аш, ғаламшар,
Танысайық, кел, енді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері