Өлең, жыр, ақындар

Көбелегiм

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 681
Көбелегiм,
Көңiлiмдi неге көп бөле бердiң?
Көкейдегi сезiмдi көзбен айтып,
Көргенiмде нелiктен бөгелемiн?
Отырсақ та бiр жерде иiндесiп,
Шарасыздың, күйiнем, күйiн кешiп.
Құбылаға күн ауған шақта мына
Мың құбылды-ау көңiлде құйын көшiп.
Өзiмдi-өзiм шегермек боламын да,
Сенделемiн сезiмнiң сорабында.
Өз демiме өртенiп, өксiгенмен,
Көздерiңдi қайтемiн тола мұңға?
«Айға шауып арыстан мертiккендей»
Көкiрегiм сыздайды дертiп, көнбей.
Ақын да бiр Музаның мұңлы үнi ғой,
Шер-шеменiн кiм ұқсын шертiп көрмей.
Жақсы көрсем несiне жазықты едiм? –
Сағынады саяңды,
сазып көңiл.
Ерiнiме басайын... ем болар ма,
Қайда салқын саусағың, нəзiк қолың?
Ерiнiме басайын күйiп-жанған:
Саусағыңды сүйрiктей сүю де арман...
Көзiңде ойнап жақұты жарық күннiң,
Өзiңдей боп көрiнсiн дүйiм жалған!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көбелегiм өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көбелегiм өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Көбелегiм өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көбелегiм өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері