Кітап – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Кітап» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Парақтарын ақтарып,
Әкем отыр сұқтанып.
Қарап қалсам, мәссаған,
Суреттер тұр топтанып!

Анам және кітапты,
Оқып жүр ғой тұрақты.
«Жауабы бар», - дейді ол, -
«Іздеп жүрген сұрақтың».

Ал әкешім еңселі,
Ойландырды ол мені:
«Кітап деген – әлемнің
Кішкентай бір бөлшегі...»

Кітап оқып үйренем,
Түрлі-түрлі күйге енем.
Әкем-анам жолымен,
Біліміме сүйенем.

Ұшталатын қаламы,
Сосын ғалым боламын.
Ата-анамды қуантып,
Елге қызмет қыламын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері