Көргеннің бәрін кеудеге қамап, шегендеп – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Көргеннің бәрін кеудеге қамап, шегендеп» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1320
Көргеннің бәрін кеудеге қамап, шегендеп,
Көздегі нұрды ақылға матап, көгендеп,
Жиырма бестегі жабырқай ма екен жас ақын
«Күндерде бір күн бізге де қарттық келер» деп.
Қайғыру неге?..
Қайғырмаймын мен өз басым,
Қарттық та жақсы басыңнан күнің озғасын.
Бас жаққа қойған белгің де тозсын өлген соң,
Жас шақта жазған бір шумақ жырың тозбасын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері