Шартарапқа жол секілді таралған – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Шартарапқа жол секілді таралған» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 577
Шартарапқа жол секілді таралған,
Жазылады тарих ізі әр алуан.
Аңсап өткен күлкісін бір бақыттың,
Мен уақыттың көз жасынан жаралғам.
Көз жұмды әкем...
Осы күнді көп іздеп,
Ажырамас аспанмен жер егіз деп.
Қасіретті қара тасын ағызды -
Сол көз жасым күркіреген теңіз боп.
Кімге керек? жылағаным, күлгенім,
Ашылмайтын құпиям ғой бұл, менің.
Сансыз жарық жұлдыздарды санап көп,
Таңданады, күнде көрген Күнге кім
Жер бетінен не көрмеген аспаным,
Құбылады, арасында қас-қағым.
Тасқа тиген тамшыдай көз жасымды -
Бақытынан артық көрем басқаның...
Баба арманын, бір баламын түсінген,
Сол теңізден өз азығын құс ілген.
Өмірімді қияр едім... қиыннан -
Әрең жеткен, Еркіндігім үшін Мен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері