Өкінішті тілек – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Өкінішті тілек» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 683
Бәрi, бәрi өзгердi,
Суық басты дененi.
Ести, ести сөздердi
Керең болғым келедi.
Кеттiм қазiр бүгiлiп
ойдың бiттi дерегi.
Сөйлей, сөйлей
Түңiлiп
Мылқау болғым келедi.
Өз-өзiмнен езiлiп
Жиып қойдым дәменi.
Көре, көре
Безiнiп
Соқыр болғым келедi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері