Шолақ өмір – Сатқан Молдақасұлы

Бұл бетте «Шолақ өмір» атты Сатқан Молдақасұлы жазған өмір туралы өлең берілген.

Өмір деген жалын екен,
Жалыны шарпып өтеді.
Неге шіркін жастық шағың,
Жалт етіп тез өтеді.
Неге артына балалық,
Бір қарамай кетеді?
Зер салып халқым ойласаң,
Табыт пенен бесіктің
Аралығы екі елі.
Содан да анық белгілі,
Өмірдің шолақ екені.
Өмір деген аққан селдей,
Өте шығар зырылдап.
Ұрпағымыз үйренсе екен,
Үлкендердің тілін ап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері