Қара жер – Сатқан Молдақасұлы

Бұл бетте «Қара жер» атты Сатқан Молдақасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жадыратып бәріңді күлкіменен,
Көңілсіздік көрмейсің бір күні менен.
Табаныма сезіліп тұрады ылғи,
Жұмыр жердің жүрегі бүлкілдеген.

Биік ұстау мақсатым шынарымды,
Сенем,білем сан сынға шыдарымды.
Құшағына анамдай қара жердің,
Кім білсін қашан барып құларымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері