Сағыныш

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Өзге өңірде жүрсең-дағы жалындай,
Жүре алмайсың өз еліңді сағынбай.
Мекен етсем қасиетті Меккені,
Таңы атар ма туған елдің таңындай?!

Алғаш жуған жөргегімді туғанда,
Қараөткелдің сол суындай су барма?!
Ешбір жердің қасиеті тең келмес,
Кіндік кескен туған елің тұрғанда!

Анасындай әр пендеге өз елің,
Ойға алғанда өртенеді өзегің.
Өзге жерден тауып алған алтыннан,
Кем көрмессің туған жердің тезегін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағыныш өлеңінің авторы кім?

Сатқан Молдақасұлы — осы өлеңнің авторы.

Сағыныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сағыныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сатқан Молдақасұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағыныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері