Қонақ қоян – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қонақ қоян» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1494
Қоян тым шаршап кірді,
Жатуды аңсап кірді.
Қонақүй әкімшісі
Қасарып Қарсақ тұрды:
– Орын жоқ, өл деймісің?
Айтқанға сенбеймісің?
Жолдамаң есеп емес,
Қаптап жүр сендей мүсін.
Қоянның қиналғанын,
Қайтуға жиналғанын
Қу Түлкі көріп қалып,
Деді оған:
– Иланбағын.
Ойланып көрмеймісің,
Бос сөзбен өнбейді ісің.
Орын шын керек болса,
Бес-он сом бермеймісің.
Қоянға «ақыл» кірді,
Қарсаққа батыл кірді.
Содан соң жақсы орынға
Шірене жатып жүрді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері