Ерден Атайдың әні

Бұл бетте «Ерден Атайдың әні» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кел, балалар, тұрмаңдар
Бізде қызық думан бар.
Атамыздың алуан
Ертегісін тыңдаңдар

Қайырмасы:
Ерте, ерте, ерте, екен,
Ешкі-ай жүні бөрте екен.
Ертегі сөз қашанда
Тамашаның көркі екен
Түрлі-түрлі ертегі,
Тұла бойды ертеді.
Ерте өткен ерлердің,
Ерлік ісін шертеді.

Қайырмасы:

Қиялдаймыз, самғаймыз,
Кең әлемді шарлаймыз.
Ертегісін атайдың
Тыңдаудан біз талмаймыз

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері