Туған жер
Бұл бетте «Туған жер» атты Абдрахман Асылбек жазған туған жер туралы өлең берілген.
1. Туған жерім – көктемім,
Күлімдейді көкте күн.
Егеменді елімде
Қанат жайдым, көктедім.
Қайырмасы:
Туған жер – бесігімсің сен менің.
Думанды ел – несібемсің сен менің.
Туған жер – жасыл жайлау көлдерім менің.
Сендей дархан, сендей жарқын
Жер жаннатын көрмедім.
Тілегімсің, тірегімсің, жүрегімсің сен менің.
Тілегімсің, тірегімсің, жүрегімсің сен менің.
Тілегімсің, тірегімсің, жүрегімсің сен менің.
Жүрегімсің сен менің.
2. Туған жерім – жаным да,
Таңғажайып таңым да.
Бақыттымын мен бүгін,
Кең даламның барында.
Қайырмасы.
3. Туған жерім – кеңдігім,
Еркіндігім, елдігім.
Туған жерді жырлаймын
Мақтанышпен мен бүгін.
Қайырмасы.
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі