Бұл бетте «Шыбын мен тығын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шыны аузында Тығын тұрды,
Өзінше ол мығым тұрды.
Енді бірде карағанда,
Шыны ішінде Шыбын тұрды.
Тығын бұған қайран болды,
Ақылы дал, айран болды:
– Айтшы маған, Шыбын сұмпай,
Қайдан кіріп, қайдан кондың?
– Мен иісшіл Шыбынмын ғой,
Алып келген жұғындың ғой.
Қожайының ішкен кезде,
Лып ете қап, тығылдым ғой,
Маған дәйім саңлау керек,
Тамақ іздеп, талмау керек.
Бәрінен де ең бастысы –
Салақтарды таңдау керек.
Қожайыныңмен қуыссыңдар,
Қоқырсыққа жуыссыңдар.
Соның үшін екеуің де
Меніменен туыссыңдар.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі