Руслан мен Жасұлан
Бұл бетте «Руслан мен Жасұлан» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Руслан мен Жасұлан,
Тете өскен жасынан.
Ағасынан інісі,
Қалмайды еш қасынан.
Ойынға да қырдағы,
Баратұғын бір бәрі.
Тілі келмей жүр еді,
Русланның Р-ға әлі.
Жүгірсе де жарысып,
Күрессе де алысып.
Жеңе берген Русланға,
Деді інісі намыс қып.
Ызы қылып жеңгені,
– Үлкенсің ғой сен деді.
Р-ды айтып одан да,
Жарысайық, кел – деді.
(балаларға арналған тақпақ)
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі