Дос көңілі – Сатқан Молдақасұлы

Бұл бетте «Дос көңілі» атты Сатқан Молдақасұлы жазған достық туралы өлең берілген.

Шарасы жоқ пендесі,
Басқа салса Алласы.
Досқа қатер кездессе,
Құрбан болар жолдасы.

Ажал жетсе өлерміз,
Өлмесек талай келерміз.
Алла ісіне шара жоқ,
Жазғанын Хақтың білерміз.

Мен өзіңнен қалмаспын,
Тосса жа ажал жолдаспын.
Жолыңа мен құрбанмын,
Алдамшы дос болмаспын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері