Менің өлеңім – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Менің өлеңім» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 917
Бiреулер – өлеңнiң –
Ұйқасын кiрпiштей қалап.
Сылағын қаймақтай жалап,
Мұнтаздай етiп,
Майлап жатыр.
Менiң өлеңiм
Өмiрдiң өзiндей боп
Талқаны шығып,
Iшек-қарыны ақтарылып
Жайрап жатыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері