Ниет – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ниет» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1002
Алып жерiм
Мұңданып жатыр.
Асыл көлдерiм
Жуынды құйылған итаяқтай
Былғанып жатыр.
Кiлемдей құлпырған Даламды
Күйе жалап,
Шегiртке жалмады.
Сау жерi қалмады!
Менiң кейде
Көлдерiмнiң бетiн
Аспандағы бұлттармен
Сүртiп алғым келедi.
Менiң кейде
Ұлы Даламды
Шегiртке, күйеден
Тазартамын деп
Кiлемдей қағып
Сiлкiп алғым келедi!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері