Ақ қайың (1­ нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақ қайың (1­ нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1053
Ой, қалқа, құлағың сал мына сөзге,
Жоқ еді бөтен жұмыс көңілімізге.
Айхахай! Ақ қайың!
Қат-қабат осы сөзбен болып кетті,
Аяғын құп білерсіз өзіңіз де.
Зәмзәмнің жауабым бар шырағындай,
Бір батып, бір шығасың күн мен айдай.
Өзіңді көрген адам жабысады,
Асылың тартып тұрған сенің қалай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері