Құсайынға айттырған дауыс – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Құсайынға айттырған дауыс» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1385
...Үш некелі боп едің
Үш-төртеу көрдің перзенттен,
Ақылыңа серік боп,
Екі балаң ержеткен.
Тура қаза келгенде,
Кім қалады жендеттен.
...Дүниеден ғапыл қап,
Жүгіріп жүрген мен едім.
Кім біледі қайғының
Жоғары менен төменін.
Баласы деп айтады,
Ақсүйек туса, төренің.
Қажеті болса нашардың,
Қазынаңнан төледің.
Отыз екі жасыңда,
Дүниеден өттің зерегім.
Арыстаным, шырағым,
Ағып жатқан бұлағым.
Осыны ойлап қамығып,
Келді-ау, жұртым, жылағым.
Әділетпен сұраған,
Үш бірдей жұрттың сұрағын...
Арманым менің көп болды,
Өзекке түсіп дерт болды.
Таразға тартқан қорғаным,
Қырылып бәрі мерт болды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері