Айман-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Айман-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2459
Тойға мінген торының ұрыншағы-ай,
Салбырайды қыздардың тұлымшағы-ай.

Қайырмасы:
Айман-ай, білемісің Жамал-ай.

Қалжың сөзге шамданып алшаңдама,
Мен де өзіңдей біреудің құлыншағы-ай.

Қайырмасы:
Айман-ай, білемісің Жамал-ай.

Сөз айтамын құрметтеп енді саған,
Сөз қадірін сезеді білген адам.

Қайырмасы:
Айман-ай, білемісің Жамал-ай.

Таң алдында секілді шолпан жұлдыз,
Көзің қандай жақсы еді жаутаңдаған.

Қайырмасы:
Айман-ай, білемісің Жамал-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері