Өлеңімнің киесінен қорықтым – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «Өлеңімнің киесінен қорықтым» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 578
Алагеуім шақтан қашса еріп-түн,
Сезімдердің шеруінен шер ұқтым!
Өміріме нүкте қойшы, қанеки,
Көңіліме құлап кеткен көріктім!

Іңір қақса маңдайынан сәрінің,
Кіл күнгейге серік болар кәрі-мұң.
Жұлдыздардың жанарынан гүл жинап,
Үр қыздардың күнәсіне «жарыдым».

Түн иеме тұсалып қап ойыным,
Талай мәрте соқтым түннің сойылын.
Енді өзімді ұстап берсем өзгеге,
Енді өзімнен күте алмаймын қайырым!

Қорғансызды қорғайтындай қорық-түн,
Ойынымнан бақыт емес, сор ұттым.
Өмірімнің иесінен қаймықпай,
Өлеңімнің киесінен қорықтым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері