Еңбекшілер тезіне – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Еңбекшілер тезіне» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1537
Сын күшейсін, мін түзелсін,
Сыннан өтсін сан жұмыс.
Сыналансын кемтік жері,
Мінсіз болсын бар жұмыс.
Барды жоқ қып, кемді көрмеу,
Бүркемелеу болмасын.
Сыңар езу, қыңыржақтар
Тасқа ұрынсын, оңбасын.
Қызуында соқ темірді
Келді күрес кезіне.
Тартсын жаза, түссін дұшпан
Еңбекшілер тезіне!

1929


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері