Өлең ағып барады Есілменен – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «Өлең ағып барады Есілменен» атты Табиғат Абаилдаев жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 655
Тарам-тарам әжім боп Аспан әрі,
Түсіреді есіме Астананы.
Көкіректің жүзінде жылдар ойнап,
Жанарынан Сезімнің Жас тамады.

Кездерімдей қатемді кешірмеген,
Сәттерімдей отымды өшірмеген.
Өмір қалып барады меніменен,,
Өлең ағып барады Есілменен.

Ренжулі, аяулы түріменен,
Ең әдемі қолдағы гүліменен.
Толқынында Есілдің тербетіліп,
Менен қашып барады Тірі Өлең!

Пенде бар ма, беу жаны сiрi мендей,
Жарасына Жанымның үңiлердей.
Ендi мен де сұлбамды сүйретем де,
Өлі өмірді сүремін тірілердей!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері