Бар еді бізде махаббат – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Бар еді бізде махаббат» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1613
Махаббат бізде бар емес пе еді дәл кеше,
Махаббат бізде бал емес пе еді дәл кеше?
Құлдырап қашқан құлын еді ғой махаббат,
Алпыс екі тамыр, жұлын еді ғой махаббат.
Қызғаныш еді қанталап көзі арландай,
Жұбаныш еді жарқырап түнде жанғандай.
Мүсәпір еді су кеткендейін мойнына,
Кісәпір еді тағына қайта қонғандай.
Аптапта тоңып, аязда терлеп жүретін
Бар еді бізде махаббат деген сормаңдай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері