Қара суға семірген қамсыз күнім – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Қара суға семірген қамсыз күнім» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.09.2020
  • 0
  • 0
  • 944
Қара суға семірген қамсыз күнім –
Қара қырда қап қойған сансыз гүлім.
Қарауытып қаштыңдар, мен нақақтан
Жігіт шақтың көтердім заңсыз жүгін.
Бейқам күндер бейуақыт тастап кеткен,
Бозбалалық – басқа жол бастап кеткен.
Қаймағымды қайнатпай сыпырып ап,
Қазаныма тұрмай жүр қаспақ көптен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері