Арылу – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Арылу» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1368
Тәубаңа мені түсірші, Өмір,
Таупиық маған берсеңші!
Тазалығымды түсінсеңші, Өмір,
Сенбесе де ешкім, сен сенші!
Пәледен сақтар тұмар болсаңшы,
Еркіме көген, желі боп,
Ұрысып өзің тұрар болсаңшы,
Өлгің кеп жүр ме пері деп.
Мен дағы сені айырбастаман,
Алдыңнан әр кез табылам.
Қиналғанымда қарайласпаған
Өмірді бірақ не қылам?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері